Аутисттік спектрінің бұзылыстарының (АСБ) диагностикасы қиын болуы мүмкін, өйткені қазіргі уақытта оны анықтаудың бірыңғай әдістері жоқ. Диагноз баланың мінез-құлқы мен даму ерекшеліктеріне негізделген. Баланың дамуы баланың қалай өсетінін бақылауды қамтиды, баланың белгілі бір жасқа жеткендегі, ойынға, оқуға, сөйлесуге, мінез-құлық пен қозғалысқа қатысты даму дағдылардың типтік кезеңдеріне сәйкестігімен айқындалады.
АСБ бар 66 966 адамды қамтитын 35 елде жүргізілген, 35 зерттеуіне негізделген мета–талдау нәтижелері 30,90-234,57 ай диапазонында 60,48 айлық АСБ диагнозының орташа жасын анықтады[1]. Дегенмен, AСБ-ң алғашқы көріністерін 18 ай немесе одан кіші жаста анықтауға болады.
Сенсорлық өңдеуге байланысты AСБ белгілерін тану сенсорлық ақпаратқа гипер — немесе гипореактивтілік немесе қоршаған ортаның сенсорлық аспектілеріне ерекше қызығушылық сияқты сенсорлық белгілердің қосылуына әкелді. Мысалдар ретінде ауырсынуға немесе температураға айқын немқұрайлылық жатады; дыбысқа, дәмге немесе текстураға сезімталдық; және де объектілерге немесе қозғалысқа күшті визуалды қызығушылық[2].
Дереккөздер:
- van ’t Hof, M., Tisseur, C., van Berckelear-Onnes, I., van Nieuwenhuyzen, A., Daniels, A. M., Deen, M., Hoek, H. W., & Ester, W. A. (2021). Age at autism spectrum disorder diagnosis: A systematic review and meta-analysis from 2012 to 2019. Autism, 25(4), 862–873.
- Susan L. Hyman, et al. (section on developmental and behavioral pediatrics), Dennis Z. Kuo, et al. Identification, Evaluation, and Management of Children with Autism Spectrum Disorder. Pediatrics January 2020; 145 (1): e20193447. 10.1542/peds.2019-3447