Аутисттік спектрінің бұзылыстары (AСБ) — бұл әлеуметтік және коммуникативті бұзылулармен, сондай-ақ мінез-құлықтың, қызығушылықтың және әрекеттің шектеулі және қайталанатын үлгілерімен сипатталатын жүйке-даму бұзылыстарының категориясы1.
«Спектр» термині АСБ көріністерінің бір бініне ұқсастықтарының болмауына және де симптомдарының ауырлық дәріжесіне байланысты қолданылады, сондай-ақ AСБ бар адамдардың дағдылары мен жұмыс деңгейінің әр түрлілігімен айқындалады. AСБ негізгі түрлері: Аспергер синдромы, Ретт синдромы, балалардағы дезинтегративті бұзылыс, Каннер синдромы және дамудың алғашқы бұзылуы (нақтыланбаған)2.
AСБ бар балалар әртүрлі сипаттамаларға ие болғандықтан, оларға оқудың, қозғалудың немесе зейінді шоғырландырудың әртүрлі тәсілдері қажет.
Дереккөздер:
- American Psychiatric Association. Diagnostic and Statistical Manual of Mental Disorders (DSM-5), 5th ed. Washington, DC:American Psychiatric Association;2013
- Samata R. Sharma, Xenia Gonda, Frank I. Tarazi, Autism Spectrum Disorder: Classification, diagnosis and therapy, Pharmacology & Therapeutics,Volume 190,2018,Pages 91-104,ISSN 0163-7258, https://doi.org/10.1016/j.pharmthera.2018.05.007.