- 2008-2018 жылдар аралығында Америка Құрама Штатында Аутисттік спектрінің бұзылыстары таралу жиілігі 1,1% – дан 2,3% – ға дейін өсті[1], сонымен қоса 4-8 жас аралығындағы балалар арасында таралу көрсеткіші 1,70 және 1,85% құрады[2];
- Еуропада ол 0,38-ден 1,55-ке% дейін болды[2];
- Азия 0,36%, мұнда 0ерде 0,45%, әйелдерге қарағанда 0,18% жоғары болды[3].
Мета-анализ нәтижелеріне сәйкес Аутисттік спектрінің бұзылыстары (АСБ) таралуына берілген біріккен баға бойынша мынадай қорытынды шығарылды: 0,72%, оның ішінде аутизмнің бұзылуы үшін 0,25%, Аспергер синдромы үшін 0,13%, атипті аутизм мен дамудың первазивті бұзылуының біріккен тобы үшін (нақтыланбаған) 0,18%[4].
Жүйелі талдау нәтижелері көрсеткендей, бүкіл әлемде 100 баланың 1 іне АСБ диагнозы қойылған[5].
АСБ таралуы әйелдерге 21/10 000 қарағанда ерлерде 90/10 000 көбірек кездескен, басқа зерттеулерге сүйенсек ерлер мен әйелдердің орташа қатынасы 4:2 болған[5].
Ақыл-ой кемістігімен қатарласып болатын аутизм жағдайларының орташа пайызы 33,0% құрады[5].
АСБ таралу жиілігінің жоғарлауы диагностикалық критерийлердің өзгеруіне, скрининг пен диагностикалық құралдардың тиімділігінің жақсаруына және халықтың хабардарлығының артуына байланысты болуы мүмкін.